Accessibility links

Жаңаөзенде қаза тапқандар тізімі жарияланды


Бас прокуратура өзінің ресми сайтында Жаңаөзендегі оқиға кезінде қайтыс болған 14 адамның толық тізімін жариялады.

Ресми сайттағы "Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде қаза болған адамдардың тізімінде" 14 азаматтың аты аталған.

Олар - Байбек Құбайдұллаев (1989 жылы туған), Шадияр Аязов (1978 жылы туған), Серік Оңғаров (1959 жылы туған), Радик Юсупов (1987 жылы туған), Аманбек Тұрғанбаев (1984 жылы туған), Жаңаберген Көшеров (1979 жылы туған), Атаберген Дүйсекенов (1987 жылы туған), Жанар Әбдікәрімова (1974 жылы туған), Рахат Көшеров (1995 жылы туған), Нұрлан Мұнаубаев (1982 жылы туған), Атабай Құлхаиров (1967 жылы туған), Шупашев Жарас (1973 жылы туған), Дүсенбаев Бекесжан (1953 жылы туған), Тоқсанбетов Төлеген (1968 жылы туған).

Бас прокуратура алғашқы 11 адамның тізімін кеше жариялап, қалған үшеуінің кім екені анықталып жатыр деп хабарлаған.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG