Accessibility links

Назарбаев: ҰҚКҰ жаңа келісім жасады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына (ҰҚКҰ) мүше мемлекеттер енді өз аумағына бөтен мемлекеттердің әскери базаларын ұйымға мүше елдердің рұқсатымен ғана кіргізуге келіскенін мәлімдеді деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

"Енді өз аумағына өзге елдің әскери базасын орналастыру үшін ұйымға мүше мемлекет өзге барлық мүше елдің ресми келісімін алуы керек болады" деді Назарбаев Мәскеуде өткен ҰҚКҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген жиынында сөйлеген сөзінде.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл келісім "ұйымның бірлігі мен оған мүше мемлекеттердің одақтық қатынастарды бұлжытпай орындайтынын көрсететінін" айтқан.
XS
SM
MD
LG