Accessibility links

Шүкеев: Жаңаөзенде азық-түлік мәселесі шешіледі


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев 16 желтоқсандағы оқиғалардан зардап шеккен Жаңаөзен қаласының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 570 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

"Қазір азық-түлік тауарларының тапшылығы сезіліп отырған жоқ. Бағалардың өсуі де байқалмайды. Облыс әкімшілігі мен "Каспий" әлеуметтік-өнеркәсіптік корпорациясына және "Қазмұнайгаз" компаниясына күн сайын азық-түлік тауарларының жәрмеңкесін өткізіп тұру тапсырылды. Азық-түлік мәселесін шешу үшін 570 миллион теңге бөлінді" деді Шүкеев үкімет отырысында.

Ол қалада ет жеткізуде қиыншылықтар бар екенін, бірақ таяу күнде мәселенің шешілетінін жеткізді.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. 40-тан астам түрлі нысан бүлінді. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG