Accessibility links

Қырғызстан Азимжан Асқаровтың жазасын өзгертпеді


Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров Бішкек түрмесінде отыр. Бішкек, 15 наурыз 2011 жыл.

Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров Бішкек түрмесінде отыр. Бішкек, 15 наурыз 2011 жыл.

Қырғызстанның жоғарғы соты 2010 жылы елдің оңтүстігінде болған этникалық қақтығыстарға кінәлі деген өзбек құқық қорғаушысы Азимжан Асқаровқа кесілген өмір бойы түрмеде отыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.

Сот тергеу және "бұған дейінгі сот процестерінде Азимжан Асқаровтың кінәсі дәлелденгенді" деп оның жазасын өзгерткен жоқ. Бірақ сот Асқаровпен бірге сотталған Минура Мамадалиеваның жазасын 20 жылдан 11 жылға дейін қысқартты. Асқаровтың қорғаушысы Нұрбек Токтакунов үкімді "әділетсіз" деп отыр.

2010 жылғы маусым айының ортасында Қырғызстанның Жалал-Абад пен Ош облыстарында болған жанжалға этникалық қырғыздар мен өзбектер бірдей қатысып, 400 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG