Accessibility links

Чехияда Вацлав Гавелді аза тұту басталды


Чехия үкіметі парламентте Вацлав Гавелдің қазасына үнсіздік жариялады. Прага, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Чехия үкіметі парламентте Вацлав Гавелдің қазасына үнсіздік жариялады. Прага, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Чехияда бүгін елдің бұрынғы президенті Вацлав Гавелді үш күн аза тұту басталды. Вацлав Гавел өткен жексенбіде 75 жасында қайтыс болған.

Драматург және диссидент Вацлав Гавел 1989 жылы сол кездегі Чехословакиядағы коммунистік режимнің құлауына әсер еткен бейбіт "барқыт революциясын" басқарды. Әлем елдерінің жетекшілері оның қайғысына көңіл айтып, оны 20 ғасырдың тарихи тұлғасы деп атап жатыр.

Вацлав Гавел 23 желтоқсанда Прагада жерленеді. Мемлекеттік жерлеу рәсіміне АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және бірқатар елдердің басшылары қатысады деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG