Accessibility links

Ақтауда күзет күшейтілді


Жедел әрекет ету жасағының сарбаздары Ақтаудың орталық "Ынтымақ" алаңында тұр. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Жедел әрекет ету жасағының сарбаздары Ақтаудың орталық "Ынтымақ" алаңында тұр. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Бүгін Ақтаудағы "Қазақтелеком" компаниясының ғимаратына қарулы күзет қойылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Компанияға бүгін таңертең арнайы жасақ сарбаздарының қарулы күзеті қойылған. Сондай-ақ әуежайға жақын маңда да әскери техникалардың жүргені байқалады.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі де Ақтау қаласының әуежайын арнайы жасақ сарбаздары күзетіп тұрғанын хабарлады.

"Олар "Калашников" автоматымен және мерген мылтықтарымен қаруланған. Бұдан өзге, ұшу алаңында екі Ан-26 әскери ұшағы мен екі әскери тікұшақ тұр" деп жазады агенттік.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG