Accessibility links

Министрлік: Маңғыстауда байланыс қалпына келтірілді


Жаңаөзендегі оқиға кезінде өртенген ғимарат. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі оқиға кезінде өртенген ғимарат. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
Маңғыстау облысында байланыс желілері жөнделді деп хабарлайды байланыс және министрлігі өзінің ресми сайтында.

"16-17 желтоқсанда Жаңаөзендегі оқиғалар кезінде облыста телекоммуникация желілері мен электрмен жабдықтауда ақау туындап, интернет және ұялы байланыс желілері үзіліп қалған болатын. Байланыс операторлары қазір толықтай қызмет көрсетіп жатыр" дейді байланыс және ақпарат министрлігі.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.




XS
SM
MD
LG