Accessibility links

АҚШ-тағы қазақ елшісі Жаңаөзен видеосы туралы


Ерлан Ыдырысов, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі. Ресми вебсайттан алынған сурет.

Ерлан Ыдырысов, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі. Ресми вебсайттан алынған сурет.


Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов желтоқсанның 21-і Вашингтонда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Маңғыстаудағы толқуларға қатысты ресми пікір білдірді.

Азаттық радиосының Вашингтондағы тілшісі Ерлан Ыдырысовтан Жаңаөзендегі қанды оқиғаның алғашқы сәттерін бейнелейтін Youtube желісіндегі видео туралы сұрақ қойған еді.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі: "Бұл, әлбетте, жан шошырлық видео көріністер екен. Бұл туралы сізге анық ештеңе айта алмаймын, қайдан шыққан, кім түсірген, тағысын тағы. Бұны талқылау - сарапшылардың ісі. Оқиға 16-сы болған, ал мына видео 21-і шығып тұр. Бірақ, бір анығы - үкімет бұл түсірілім туралы хабардар және ең жоғарғы деңгейде осы және осыған ұқсас фактілер жан-жақты тексеріледі деп шешілген" деді.

Мұздай қаруланған полиция жасағының қарусыз тұрғындарға оқ жаудырып жатқан сәттері түсірілген бейнекадрлар туралы сұраққа жауап бере отырып Ерлан Ыдырысов:

"Егер біз көрген бұл видеолар расталса, әділ үкім шығады" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG