Accessibility links

Беларусь КГБ-сы украиналық белсенділерді қайтарды


"Фемен" тобына мүше үш әйел баспасөз жиынын өткізіп тұр. Киев, 21желтоқсан, 2011 жыл.

"Фемен" тобына мүше үш әйел баспасөз жиынын өткізіп тұр. Киев, 21желтоқсан, 2011 жыл.

Беларусь КГБ-сы ұрлап әкеткен украиналық үш әйел Киевке қайтып келді.

"Фемен" тобына мүше үш әйел 19 желтоқсанда Беларусь астанасы Минскіде КГБ-ның ғимараты алдында президент Александр Лукашенконың дау-дамаймен президент болып сайланғанына бір жыл толғанын атап өтуге қарсылық танытқан болатын. Бұдан соң ол үш әйел жоғалып кеткен еді.

Киевте өткен баспасөз жиынында "Фемен" тобы сейсенбіде үш әйелді Беларусь КГБ-сы орманға апарып, шешіндіріп үстілеріне жанармай құйып өртемек болып қорқытқандарын мәлімдеді. "Фемен" тобының белсендісі Инна Шевченко топтың қысымнан қорықпайтындығын айтты.

Бірақ беларусь КГБ-сы қарсылық акциясын "шикі арандатушылық" деп атады, бірақ топ белсенділеріне жасалған әрекеттерді растаған жоқ.
XS
SM
MD
LG