Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде қаза тапқандар 15-ке жетті


Жаңаөзен қалалық ауруханасында медбике жараланып түскен адамды қарап жатыр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен қалалық ауруханасында медбике жараланып түскен адамды қарап жатыр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Бас прокуратура бүгін, желтоқсанның 16-сында Жаңаөзендегі оқиға кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жеткенін хабарлады.

Прокуратураның ресми сайтындағы "Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде қаза болған адамдардың тізімінде" 15 адам бар.

Олар - Байбек Құбайдұллаев (1989 жылы туған), Шадияр Аязов (1978 жылы туған), Серік Оңғаров (1959 жылы туған), Радик Юсупов (1987 жылы туған), Аманбек Тұрғанбаев (1984 жылы туған), Жаңаберген Көшеров (1979 жылы туған), Атаберген Дүйсекенов (1987 жылы туған), Жанар Әбдікәрімова (1974 жылы туған), Рахат Көшеров (1995 жылы туған), Нұрлан Мұнаубаев (1982 жылы туған), Атабай Құлхаиров (1967 жылы туған), Базарбай Кенжебаев (1961 жылы туған).

Бас прокуратураның Жаңаөзен қаласындағы соңғы тәуліктегі жағдай туралы хабарында Базарбай Кенжебаев кеше, желтоқсанның 21-інде өз үйінде жарақаттарынан қайтыс болғаны айтылады. "16 желтоқсанда оны қалалық ауруханаға жеткізген. Бірақ алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен соң, ол ары қарай ем қабылдаудан бас тартып, үйіне жіберілген" делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін бас прокуратура желтоқсанның 16-сында Жаңаөзендегі оқиғаларда 14 адамның қаза болғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG