Accessibility links

Қазақстан: БҰҰ Жаңаөзен тергеуіне қатыса алады


БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Орталық Азиядағы өкілі Армен Арутюнян.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Орталық Азиядағы өкілі Армен Арутюнян.

Қазақстанның бас прокуроры БҰҰ-ны Жаңаөзен мен батыс аймақтағы оқиғаларды тергеу жұмыстарына қатысуға шақырды.

Прокуратураның баспасөз қызметі бүгін Астанада БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Орталық Азиядағы өкілі Армен Арутюнянмен кездескен бас прокурор Асхат Дауылбаевтың БҰҰ-ны Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу шараларына қатысуға шақырды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзендегі оқиғаға қатысқандарды "бұзақылар" деп айыптап, жаңаөзен қаласына төтенше жағдай тәртібін енгізген болатын.

Ал АҚШ және бірқатар халықаралық адам құқын қорғау ұйымдары Қазақстанның батысында орын алған оқиғаларға алаңдаушылығын білдірді.

Интернетте кеше Жаңаөзендегі оқиға болған желтоқсанның 16-сында полицияның қарусыз адамдарға оқ атып, ұрып-соғып жатқаны жайлы видео пайда болған.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғадан 15 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG