Accessibility links

Иракта жарылыстардан 40 адам өлді


Бағдадтың орталығындағы Алави ауданында полиция жарылған бомбадан өртенген көлікті күзетіп тұр. Ирак, Бағдад, 22 желтоқсан 2011 жыл.

Бағдадтың орталығындағы Алави ауданында полиция жарылған бомбадан өртенген көлікті күзетіп тұр. Ирак, Бағдад, 22 желтоқсан 2011 жыл.

Ирактың денсаулық сақтау министрлігі бүгін ел астанасы Бағдад қаласында болған бірнеше жарылыстан 40 адамның қаза тапқанын хабарлады. Министр Зияд Тарик жарылыстардан 149 адамның жараланғанын айтады.

Бағдадта болған 10 жарылыс Ирактағы шииттік және сүнниттік саяси топтар арасындағы шиеленістен бері ұйымдасқан алғашқы ірі жарылыс болып отыр. Жарылыстардың көпшілігі қаланың шииттер тұратын аудандарында болған.

Ирактағы билік бөлінісі сүнниттік вице-президент Тарек әл-Хашимиді терроризмге қатысы бар деп айыптап, тұтқындауға ордер берілгеннен кейін нашарлап кетті.

Тарек әл-Хашеми айыптауды жоққа шығарды. Ал сүнниттер қолдайтын партия парламентте ордерге қарсылық танытып, байкот жариялады.
XS
SM
MD
LG