Accessibility links

Шетпеде өлген өрт сөндіруші шерушілерге жақтасқан


Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Шетпе станциясы көрсетілген Маңғыстау облысының картасы.

Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Шетпе станциясы көрсетілген Маңғыстау облысының картасы.

Шетпе кентіндегі 17 желтоқсан күнгі толқуда қайтыс болған адам өрт сөндіру қызметінің сержанты деп хабарлайды Ақтау станциясының ішкі істер линиялық бөлімінің бастығы Серік Кужиевке сілтеген «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

«Төлегенов төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің өрт сөндіру бөлімінде қызмет істейді. Ол оқиға кезінде шерушілер жағында болды» дейді Кужиев.

Оның айтуынша, желтоқсанның 17-сінде Шетпе кентінде 350-400-ге жуық адам пойыз жолын бөгеп, полицияның жолды ашу талабынан бас тартқан. «Бірақ олар тонаушылық жасаған жоқ» дейді Кужиев. Бірнеше сағаттан соң 50-60 шерушімен болған қақтығыстарда бір адам қаза тауып, 11 адам жараланады.

«Полицияның наразылық танытқандармен қақтығысына Шетпеге жақын теміржол станцияларынан да 150-200 дей адам қосылып, нәтижесінде 5 полиция қызметкері жараланды» дейді Серік Кужиев.

Осы оқиғалар бойынша күдікті 8 адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG