Accessibility links

Маңғыстау облысында кадрлық өзгерістер болды


Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының жаңа әкімі етіп Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Бауыржан Мұхамеджанов бұған дейін әділет министрі, ішкі істер министрі лауазымын және бірнеше қызметтерді атқарды. Тағайындалғанға дейін парламент сенатының депутаты болды.

Бұған қоса премьер-министрдің келісімі мен "Самұрық-Қазына" АҚ акционерлік қоғамы басқармасының шешімі бойынша "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Ләззат Қиынов тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейінгі басқарма төрағасы Болат Ақшолақов қазан айында ғана қызметке кіріскен болатын. Ләззат Қиынов бұған дейін сегіз жыл бойына мұнай және газ вице министрі болып қызмет атқарды.

Президент бүгін түстен кейін Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келген.
XS
SM
MD
LG