Accessibility links

Оралда Жаңаөзен құрбандарын еске алды


Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына кіреберіске қойылған нұсқаулық тақта. 21 желтоқсан 2011 жыл.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына кіреберіске қойылған нұсқаулық тақта. 21 желтоқсан 2011 жыл.

Бүгін Орал қаласының орталық алаңына 30-ға жуық адам Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сындағы оқиғада қаза тапқандарды еске алуға жиналды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Қатысушылар «Скорбим по погибшим в Жанаозене» («Жаңаөзенде қаза болғандар үшін қайғырамыз») деген сөздер жазылған плакат көтеріп шыққан.

Қатысқандардың арасында тіркелмеген «Алға» партиясы, коммунистік партияның өкілдері, облыстық мәслихаттың 1,2 және 3-шақырылымының депутаттары бар. Оларды полиция өкілдері сырттай бақылап жүрді. Жиын бейбіт түрде өткен.

Оралда кеше бір топ журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері Жаңаөзендегі оқиғаларда қаза тапқандарды шырақ жағып еске алған болатын.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 15 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG