Accessibility links

Бүгін Вацлав Гавелді жерлейді


Әулие Вит соборына Вацлав Гавелмен қоштасуға келіп жатқан адамдар. Чехия, Прага, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Әулие Вит соборына Вацлав Гавелмен қоштасуға келіп жатқан адамдар. Чехия, Прага, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін бірқатар елдің басшылары Чехия астанасы Прагаға бұрынғы президент Вацлав Гавелді жерлеу рәсіміне келмек.

75 жасында қайтыс болған 1989 жылғы Чехословакиядағы "барқыт роволюциясының" жетекшісі Вацлав Гавелді жерлеу рәсімі Әулие Вит соборында өтеді деп жоспарланып отыр. Собордағы қоштасу рәсімінен соң Вацлав Гавелдің отбасының өтініші бойынша оның денесі кремацияланады да, күлі артынан жерленеді.

Жерлеу рәсіміне келетін қонақтардың ішінде Франция президенті Николя Саркози, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон және оның әйелі, қазір АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бар. Чехияда туған АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт жерлеу рәсімінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

1989 жылдан сол кездегіпосткоммунистік Чехословакияның алғашқы президенті болған Вацлав Гавел кейін, 1993 жылы мемлекет Чехия және Словакия болып бейбіт түрде екіге бөлінгеннен соң 2003 жылға дейін Чехияның президенті қызметін атқарды.
XS
SM
MD
LG