Accessibility links

Қытай диссиденті 9 жылға сотталды


Қытай соты бүгін интернетте демократиялық бағыттағы мақала жазғаны үшін диссидент жазушы Чэнь Вэйді тоғыз жылға соттады.

Чэнь Вэй интернетте бір партиялы Қытай билігінде реформалар жүргізіп, сөз бостандығын орнатуға шақырған мақалалар жазған. Жазушының қорғаушысы Сычуань провинциясының соты оны "мемлекет билігін құлатуға әрекет етті" деп айыптағанын айтады. Ол Чэнь Вэйдің өзін кінәлі деп санамайтынын, үкімді естіген соң жазушының "Қытайда диктаторлық құлап, конституциялық демократия орнайды" дегенін жеткізді.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Чэньді соттауға себеп болған мақалалар Қытайдан сырт елдердегі веб-сайттарда жарияланған және ол сайттар Қытайда кең таралмайды. Ал Қытайда азаматтардың өз пікірін білдіруін шектейтін заң жоқ.

Чэнь Вэй ақпан айында "араб көктемі" сияқты Қытайда да үкіметке қарсы шерулер өткізуге шақырған қозғалыстарда ұсталған белсенділердің бірі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG