Accessibility links

Түркіменстан президенті Ресейде жүр


Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов бүгін Ресейге ресми сапармен келді. Мәскеуде премьер-министр Владимир Путинмен кездескен Бердімұхамедов оны президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғанымен құттықтап, жеңіске жететініне сенім білдірді.

Бұдан соң олар екі елдің халықаралық нарыққа табиғи газ экспорттауда бірлесе жұмыс істеу мәселесін талқылады. Владимир Путин кездесуде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілі толатынын білдірді.

Құрбанғұлы Бердімұхамедов бұдан соң Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Ресей мен Түркіменстанның арасы 2009 жылы сәуірде екі елді жалғайтын газ құбырындағы құпия жарылыстан соң салқындап кеткен. Бұл кезде Ресейдің түркімен газына төлейтін бағасына қатысты келіссөздер жүріп жатқан еді.
XS
SM
MD
LG