Accessibility links

Билік Жетібайда ұсталғандар бар екенін жоққа шығарады


Уақытша қамау орнынан жаңа ғана шыққан Нұрияш Әбдірайымова. Ақтау, 23 жалтоқсан, 2011 жыл.
Уақытша қамау орнынан жаңа ғана шыққан Нұрияш Әбдірайымова. Ақтау, 23 жалтоқсан, 2011 жыл.
Жұма күні журналистерге Жетібайдан келген бір азамат 20 желтоқсанда Жаңаөзенде қаза болғандарды еске алу жиынын өткізбекші болған 24 мұнайшы Ақтаудың уақытша айықтыру орнында қамауда жатыр деп хабарлаған.

Журналистер осы айықтыру орнына келген кезде полиция мұнда сурет, видео түсіруге тосқауыл қоюмен бірге журналистердің аппараттарын тартып алуға тырысты деп хабарлайды Азаттықтың тілшісі Ақтаудан.

Полиция іштен есікті жауып алды, ал олардың басшыларын шақырып, сөйлеспекші болған талабымыз жүзеге аспады дейді тілшіміз. Тек айықтырғыштың темірмен торланған терезелерінен бір әйелдің ақ орамал бұлғап, айқайлаған даусы естілген. Полиция болса журналистерді әлгі терезелерге қарай жақындатпай аулаққа қуып тастаған

Кейіннен Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Жанна Ойшыбаева өткізген брифингте Жетібайдағы ұсталғандар туралы сұрақ қойылғанымен кеңесші мұндай жайтты бірінші рет естіп тұрғанын айтқан.

Түнге қарай телефонға келіп түскен хабарламада айықтырғыш орнынан ақ орамал бұлғаған әйелдің босатылғаны белгілі болған.

Дереу сонда барған бірқатар тілшілер айықтырғаштан бостандыққа шыққан Ақтау қаласының тұрғыны Нұрияш Әбдірайымовамен кездескен.

1996 жылы Маңғыстау облысына Түркіменстаннан көшіп келген Нұрияш Әбдірайымова өзін полиция 16 желтоқсан күні түнде Ақтауда рұқсат етілмеген митинг өткізді деген айыппен 7 тәулікке қамағанын, сонда отырып аштық акциясын өткізгенін айтқан. Әбдірайымова енді ұсталуы мен қамалуының заңсыздығына қатысты облыстық сотқа шағымданбақшы.
XS
SM
MD
LG