Accessibility links

Ақтауда билік өкілдері мұнайшылармен кездесіп жатыр


"Қаражанбасмұнай" компаниясы жұмысшылары мәлімдемесінің мәтіні. Ақтау, 23 желтоқсан, 2011 жыл.

"Қаражанбасмұнай" компаниясы жұмысшылары мәлімдемесінің мәтіні. Ақтау, 23 желтоқсан, 2011 жыл.

Желтоқсанның 24-і Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты құрылған үкіметтік комиссияның жетекшісі, бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевпен және "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының жаңа тағайындалған басшысы Ләззат Қиыновпен «Қаражамбасмұнай» кәсіпорнының жұмыстан шығарылған 200 еңбеккері кездесіп жатыр деп хабарлады тілшіміз.

Мұнайшылар кездесуде жеті айдан бері талаптарымызға құлақ аспадыңдар, мәселені осыншама ушықтырып, қантөгіске жол бердіңдер деп жоғары билік пен жергілікті билік өкілдерін айыптап сөйлеген.

Билік өкілдері мұнайшыларға араларыңнан 5 адам шығарыңдар, бар мәселені солармен талқылаймыз деп ұсыныс айтқан, әзірге тараптар қандай да бір мәмлеге келген жоқ. Комиссия мүшелері түскі үзіліске тарқады, түстен кейін Ақтаудың облыстық филармония ғимаратындағы кездесу қайта жалғасады деп хабарлап отыр Азаттықтың тілшілері Маңғыстау облысының орталығынан.

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының жаңадан тағайындалған басшысы Ләззат Қиыновпен мұнайшылар жұма күні кездесе алмаған болатын.
XS
SM
MD
LG