Accessibility links

Блогерлер тобы Маңғыстауға барады


Бард-әнші Жанат Есентаев ереуілдегі мұнайшыларға қолдау білдіретін әндерін орындап тұр. Ақтау, 23 желтоқсан, 2011 жыл.
Бард-әнші Жанат Есентаев ереуілдегі мұнайшыларға қолдау білдіретін әндерін орындап тұр. Ақтау, 23 желтоқсан, 2011 жыл.
Бүгін премьер-министрдің баспасөз қызметінің шақыруымен қазақстандық танымал блогерлердің бір тобы Ақтауға ұшып барады деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің pm.kz сайты.

Блогерлер аймаққа Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және басқа да проблемаларды шешу үшін құрылған Үкіметтік комиссияның қызметімен танысып, жазу, жергілікті тұрғындармен кездесу үшін барады деп жазылған сайттың хабарламасында.

Блог-тур бағдарламасында базарларда, коммерциялық кәсіпорындарда болу, қалпына келтіру жұмыстарымен, әлеуметтік және коммуналдық мекемелер қызметімен танысу, Жаңаөзен қаласының басшылығымен, сондай-ақ зардап шеккендермен және қала тұрғындарымен кездесулер жоспарланыпты.
XS
SM
MD
LG