Accessibility links

Аймақтарда Жаңаөзен құрбандарын еске алды


Жаңаөзендегі полиция жасақтары. 18 желтоқсан, 2011 жыл.

Жаңаөзендегі полиция жасақтары. 18 желтоқсан, 2011 жыл.

16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларда оққа ұшып, қаза болған жастарды еске алып, олардың рухтарына тағзым ету шаралары сенбі күні Атырау мен Қарағанды қалаларында болып өтті.

Кеуделеріне қара шүберек байлап, Атыраудағы Жеңіс бағы мен Қарағандыдағы Тәуелсіздік стелласы алдына келген адамдарды ешкім ұйымдастырған жоқ, әрбір азамат өз еркімен Жаңаөзен құрбандарын еске алу үшін жиналды деп жазылған интернетте тараған ақпараттарда.

«Жаңаөзен:ұмытпаймыз, кешірмейміз!» деген ұранмен жиналғандардың жалпы саны әр облыс орталығында 20 шақты кісі болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG