Accessibility links

Мәскеуде ендігі митинг ақпанда өтеді


Академик Сахаров даңғылындағы оппозиция митингісі. Мәскеу, 24 желтоқсан, 2011 жыл.

Академик Сахаров даңғылындағы оппозиция митингісі. Мәскеу, 24 желтоқсан, 2011 жыл.

Ресей оппозициясының жаппай наразылық жиынын ақпан айында Мәскеуде өткізу жоспарланған, бірақ нақты күні әзірге айтылмайды.

«Жиында келе жатқан президент сайлауына байланысты Болотный алаңы мен Сахаров даңғылындағы митингілер қарарларының, сондай-ақ Медведевтің жолдауының орындалуын талап ету қажет. Бұл үшін ақпан айы – ең қолайлы уақыт»,- деп айтқан «Интерфакс» агенттігіне «Солидарность» қоэғалысы жетекшілерінің бірі, бұрынғы премьер-министр Борис Немцов.

Митингініің нақты қай күні болатынын кейінірек жариялаймыз дейді Немцов.

Сенбі күні Мәскеудегі Сахаров даңғылында оппозиция Орталық сайлау комиссиясының басшысы Владимир Чуровты отставкаға жіберіп, парламент сайлауын жаңадан өткізу талаптарымен жаппай митинг өткізді.

Полицияның мәліметінше акцияға 30 мыңдай адам қатысса, оппозицияның дерегіне қарағанда 120 мыңдай кісі болған.
XS
SM
MD
LG