Accessibility links

Бас ассамблея БҰҰ-ның бюджетін қысқартты


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы әлемдік ұйымның соңғы жарты ғасырда екінші рет қысқартуға ұшыраған алдағы екі жылдық бюджетін бекітті.

Сенбі күні 193 елдің өкілдері ұйымның 5 миллиард 150 миллион доллар болатын бюджетін мақұлдады, бұл соңғы екі жылдың қаржысынан 260 миллион долларға аз. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, шығындарды қысқартуды АҚШ және қарыз дағдарысына ұшырғана Еуропа елдері қолдаған. Дамушы елдердің делегациясы бюджет көлемінің бұрынғыдай қала беруін қалаған.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун әлем елдерінің бәрі күрделі экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқан шақта бұл жолғы «талқылаудың оңай болмағанын» айта келіп, қабылданған шешімді құптаған.
XS
SM
MD
LG