Accessibility links

Мәскеуде Гавел мен Жаңаөзен құрбандарын еске алды


Мәскеудің академик Сахаров атындғаы даңғылындағы митингіге қатысушылар. 24 желтоқсан, 2011 жыл.

Мәскеудің академик Сахаров атындғаы даңғылындағы митингіге қатысушылар. 24 желтоқсан, 2011 жыл.

Мемлекеттік Думаның «Справедливая Россия» фракциясынан сайланған депутаты Илья Пономарев Сахаров даңғылына жиналғандарға Қазақстанның Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларда құрбан болғандар мен өткен аптада дүниеден өткен Чехияның тұңғыш президенті Вацлав Гавелді еске алып, рухтарына тағзым етуді ұсынды.

Депутат Пономарев өз сөзін бастамас бұрын бір минут үнсіздік жариялаған.

Сенбі күні Сахаров даңғылында Ресейде өткен парламент сайлауының нәтижесі бұрмаланды, әділ сайлау өткізілсін деген талаппен оппозицияның кезекті митингісі өткен болатын.
XS
SM
MD
LG