Accessibility links

Ливия тәуелсіздік күнін тойлап жатыр


Бенгази тұрғыны ұлттық туды ұстап тұр.

Бенгази тұрғыны ұлттық туды ұстап тұр.

Ливиялықтар елдің Еуропаның басқыншылық билігінен тәуелсіздік алған күнін ұзақ жылдардан бері бірінші рет ресми түрде атап өтіп жатыр.

Ливияны 42 жыл басқарған бұрынғы диктатор Муаммар Каддафи Италия мен Францияның оккупациясынан азаттық алған 1951 жылғы 24 желтоқсанды Ливияның тәуелсіздік күні ретінде қабылдамай келген. Каддафи оның орнына мемлекеттегі төңкерістен кейін Ыдырыс патшадан билікті қолына алған 1969 жылдың 1 қыркүйегін ұлттық мереке тұрғысында тойлатқан.

Каддафидің билігі биыл тамыз айында құлатылып, оның өзін қазан айында көтерілісшілер өлтірген.

Қазір елді басқарып отырған Ұлттық өтпелі кеңес Каддафи режимі тұсындағы
Ливияның жасыл туын бұрынғы монархияның қара, қызыл және жасыл түсті ұлттық туына өзгертті.
XS
SM
MD
LG