Accessibility links

Горбачев: Путин отставкаға кетуі тиіс


Мәскеудегі әділ сайлау өткізуді талап еткен митингіге қатысушылар. 24 желтоқсан, 2011 жыл.
Мәскеудегі әділ сайлау өткізуді талап еткен митингіге қатысушылар. 24 желтоқсан, 2011 жыл.
Советтік соңғы жетекші Михаил Горбачев Ресей премьер-министрі Владимр Путинді өзінен үлгі алып, үкіметбасынан кетуге шақырды.

«Эхо Москвы» радиосына берген сұқбатында Горбачев "егер Путин митингілерде қойылған талаптарға құлақ асып, қазір орнынан кетсе, оның 12 жыл бойғы билік басында атқарған жұмыстары тек жақсы жағынан есте қалады" деп атап көрсеткен.

Сенбі күні Мәскеуде және Ресейдің басқа да қалаларында 4 желтоқсанда өткен парламент сайлауының қорытындылары бұрмаланғанына наразылықпен ондаған мың адам қатысқан митингілер өткен болатын.

Екі мерзім президент болып, бір мерзім премьер-министр қызметін атқарып келе жатқан Владимир Путин Ресейдегі келесі президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG