Accessibility links

Оппозиция: Ресей билігі дағдарыста


Оппозициялық "Солшыл майдан" партиясының жетекшісі Сергей Удельцов.
Оппозициялық "Солшыл майдан" партиясының жетекшісі Сергей Удельцов.
Ресей оппозициясы Ресей сотының оппозиция белсендісі Сергей Удальцовты тағы он тәулік қамауда ұстау туралы шешімін айыптады.

Оппозициялық "Солшыл майдан" оппозициялық партиясының жетекшісі Сергей Удальцов кеше 15 тәулік абақтыда отыру жазасын өтеп шығу керек болатын. Оны Ресейдегі парламент сайлауына қарсы шерулер кезінде ұстаған.

Түрмеде отырған кезінде Удальцов аштық жариялап, ауруханаға түсті. Ал кеше Мәскеу соты оны 24 қазанда өткен шеруде "полицияға қарсылық көрсетті" деп айыптап, тағы 10 тәулікке абақтыға қамады.

Жаңа үкім Ресейдің түрлі қалаларында 24 желтоқсанда мыңдаған адам көшеге шығып, қайтадан әділ сайлау өткізуді және премьер-министр Владимир Путиннің қызметтен кетуін талап еткен күннің ертесінде шықты. Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы, қазір оппозиция жетекшісі Гарри Каспаров үкім Ресей басшылығының дағдарысқа түскендігін көрсетеді деді. Ал танымал оппозициялық блоггер Алексей Навальный Сергей Удальцовқа шығарылған үкімді "биліктің қуғын-сүргіні" деп бағалады.

Ресейде желтоқсанның 4-інде өткен парламент сайлауы өтіп, "Единая Россия" партиясы бұрынғысынан аз дауыспен жеңіске жеткен болатын. Оппозиция содан бері "сайлау әділ өтпеді" деп елде шеру өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG