Accessibility links

Ақтауда адамдар алаңға жиналуды қойды


Ақтаудың орталық "Ынтымақ" алаңына жиналған тұрғындар мен оларға қарама қарсы тұрған полиция жасағы. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл.
Ақтаудың орталық "Ынтымақ" алаңына жиналған тұрғындар мен оларға қарама қарсы тұрған полиция жасағы. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңында ешікм жиналған жоқ деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ақтауда жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауына қарағанда, орталық алаңда жиналып тұрған ешікм жоқ, полиция да көрінбейді.

Ақтауда бұған дейін, желтоқсанның 16-сынан бастап орталық "Ынтымақ" алаңында Жаңаөзендегі оқиғаларда мұнайшыларды қолдап, ондағы биліктің әрекетін айыптаған адамдар күн сайын жиналып келген. Барлық наразылық акциялары бейбіт түрде өтті.

Бас прокуратура Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 15 адамның қаза болғанын растады. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған.

Ал Жаңаөзен қалалық ауруханасының басшылығы бүгін желтоқсанның 25-інде жан сақтау бөлімінде жатқан тағы бір ер адамның қайтыс болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG