Accessibility links

Түркия мен Әзірбайжан газ құбырын салмақ


Тәжікстанның Хатлон провинциясынан өтетін газ тасымалдау құбыры. Көрнекі сурет.

Тәжікстанның Хатлон провинциясынан өтетін газ тасымалдау құбыры. Көрнекі сурет.

Әзірбайжан мен Түркия бүгін екі мемлекет арасында газ тасымалдайтын құбыр салу келісіміне қол қойды. Жаңа газ құбыры Әзірбайжан газын алдымен Түркияға, сосын Еуропаға тасымалдамақ.

Екі елдің энергетика министрлері Әзірбайжанның ұлттық энергетикалық SOCAR компаниясы, Түркияның мемлекеттік Botas құбыр компаниясы мен TPAO мұнай компаниясы арасында консорциум құру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Келісім бойынша, консорциумға басқа мұнай-газ компаниялары да қосыла алады. Транс Анадолы деп аталатын газ құбырының жобасы Әзірбайжанның Шах Дениз кенішінің газын Еуропаға тасымалдайды.

Түркия құбырдың кейін Еуроодақ қолдайтын Набукко құбыр жобасына барып қосылатынын жеткізді.
XS
SM
MD
LG