Accessibility links

АҚШ: Қырғызстан - саяси реформалар көшбасшысы


"Қырғызстан Орталық Азияда саяси реформалар жасаудың көшбасшысы атанды" деді АҚШ-тың осы елдегі елшісі Памел Спратлен бүгін екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толуына орай жасаған мәлімдемесінде.

Елші мәлімдемесінде "Біз сондай-ақ халықаралық аренада аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі мәселесінде ортақ ұстанымдары бар шынайы әріптес ретінде танылдық. Қырғызстан бұл тұста "Манас" әуежайын транзиттік жүктерді тасымалдауға пайдалануға беріп, халықаралық қауымдастықтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға жасаған қимылдарына үлес қосты" деген.

Памел Спратлен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Қырғызстанның жетістіктерін қырғыз халқының тәуелсіздік жылдарында көрсеткен табандылығымен және беріктігімен байланыстыратынын да атап өткен.

Елшінің айтуынша, Қырғызстанда бизнеске қолайлы жағдай қалыптасқандықтан АҚШ-тың Бішкекпен сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейте түсу ойы бар.

1991 жылдың 25 желтоқсанында АҚШ Қырғызстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG