Accessibility links

Ким Чен Ирді жерлеу рәсімі өтіп жатыр


Пхеньянда Ким Чен Ирдің денесі салынған табытты алып келе жатыр. Солтүстік Корея, Пхеньян, 28 желтоқсан 2011 жыл.

Пхеньянда Ким Чен Ирдің денесі салынған табытты алып келе жатыр. Солтүстік Корея, Пхеньян, 28 желтоқсан 2011 жыл.

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда ел президенті Ким Чен Ирді жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жерлеуге шетелдік делегация шақырылмаған.

Рәсімді оның орнын басқан ұлы Ким Чен Ун жүргізіп жатыр. Мемлекеттік телеарналар Ким Чен Ирдің табытын Пхеньянның көшелерін бойлай алып жүргенде он мыңдаған адамның Ким Чен Ирді "Әкей" деп атап, жылап жатқанын көрсетті.

1994 жылы Ким Чен Ирдің әкесі Ким Сен Ирдің жеруінде де алаңда адамдар оның атын атап, жылап тұрған болатын.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы билікте 17 жыл отырған Ким Чен Ирдің желтоқсанның 17-сінде 69 жасында жүрек ауруынан қайтыс болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG