Accessibility links

"Телерадио хабарларын тарату туралы" заң қабылданды


Қазақстан парламенті сенатының ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.
Қазақстан парламенті сенатының ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.
Парламент сенаты бүгін "Телерадиохабарларын тарату туралы" заң жобасын қабылдады.

Сенат бүгін өткен пленарлық отырысында сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да мақұлдады.

Заң жобалары телерадио хабарларын тарату саласында бірыңғай құқықтық базаны қалыптастыру, телерадио хабарларын таратудың сандық, спутниктік және басқа да түрлерінің жұмысын реттестіруді көздейді.

Бұған дейін сөз бостандығын қорғау ұйымдары аталған заң жобасының кейбір тұстары "ақпарат және сөз бостандығын шектейді" деп сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG