Accessibility links

Тәуелсіз кәсіподақ жетекшісіне шабуыл жасалды


Кеше Алматыдағы студент жастардың тәуелсіз кәсіподағының тең төрағасы Ринат Кибраевты өз үйінің жанында белгісіз ер адам ұрып-соғып кетті.

Бұл туралы Азаттық радиосына Ринат Кибраевтың өзі хабарлады. Оның айтуынша, желтоқсанның 27-сінде жұмысынан үйіне қайтып келе жатқанда, үйінің маңында белгісіз ер адам оқыстан шабуыл жасап, ұрып кеткен. Шабуылдан Ринат жеңіл жарақат алған.

Ринат Кибраев оқиғаға қатысты Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шағымданғанын, бүгін сот медициналық сараптама жасалынатынын жеткізді.

Шабуыл жасаған адам оның бағалы заттарына тиіспегендіктен, Ринат мұны өзінің қызметімен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG