Accessibility links

Ыдырысов: АҚШ Жаңаөзендегі тергеуге қатысуы мүмкін


Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов.

Желтоқсанның 16-сында Жаңаөзенде болған оқиғаларды тексеруге АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының сарапшылары да қатысуы мүмкін деп мәлімдеді Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов. Бұл туралы елшіліктің ресми веб-сайтында жазылады.

Елшінің айтуынша, Қазақстан тарапынан шақырту болса, АҚШ-тық сарапшылар тексеру жұмыстарына қатысуы ықтимал.

Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сында болған оқиғаларды тексеру үшін 17 желтоқсанда сол кездегі бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылған болатын.
XS
SM
MD
LG