Accessibility links

Рақымшылық туралы заң қабылданды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды. Заң бойынша жеңіл және аса ауыр емес қылмыстар жасаған сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылмақ.

Рақымшылық заңына 16187 адам ілінген. Оның ішінде 2142 адам жазасын өтеп жатқан мекемелерден босатылады, ал 534 адамның жаза мерзімі қысқарады.

Заңға сәйкес, бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерге, кәмелеттік жасқа толмағандарға, зейнеткерлерге, ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және 1,2,3 топтағы мүгедектерге рақымшылық жасалады.

Сондай-ақ, аталған заң қабылданғанға дейін қылмыстық ісі сотқа жетпеген жеңіл және аса ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар да жауапкершіліктен босатылмақ.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG