Accessibility links

Қазақстанда биыл мұнай өндіру көлемі азайды


Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.
Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.
Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың ереуілдерге шығуы салдарынан жоспарланған көлемдегі мұнайды өндіре алмады деп хабарлады бүгін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа сілтеген "Қазақпарат" агенттігі.

Мыңбаевтың айтуынша, 2010 жылмен салыстырғанда өсім бар, бірақ 2011 жылға жоспарланған көлемде мұнай өндірілмеген, бірқатар кәсіпорындар мұнай өндіру көлемін азайтқан. "Әсіресе, Жаңаөзен қаласында мұнай өндіру 15 пайызға азайды" деді Сауат Мыңбаев.


Оның айтуына қарағанда, 2011 жылы 81 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған, ал өндірілген мұнай 80.3 миллион тоннаны құрайды.


Мамыр айынан бері Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" компаниясының мұнайшылары жалақыларын көтеруді талап етіп ереуіл өткізіп келген.

Ал желтоқсанның 16-сында Жаңаөзен қаласында мұнайшылар мен полицияның қақтығысып, артынан қарусыз адамдарға қарсы оқ атылды. Ресми орындар Жаңаөзенде сол күні болған оқиғада және оқиға салдарынан 16 адамның қаза болғанын растады.

XS
SM
MD
LG