Accessibility links

Украинада оппозициялық партиялар бірікпек


Украинаның "Народная самооборона" партиясының жетекшісі Юрий Луценко мен Юлия Тимошенко Киев сотында. Киев, 23 мамыр 2011 жыл.

Украинаның "Народная самооборона" партиясының жетекшісі Юрий Луценко мен Юлия Тимошенко Киев сотында. Киев, 23 мамыр 2011 жыл.

Украинаның оппозициялық екі партиясы 2012 жылғы парламент сайлауына бірлесіп, ортақ үміткенр ұсынатын дарын мәлімдеді.

"Отечества" және "Народная самооборона" партияларының төрағаларының орынбасарлары Киевте парламент сайлауында күш біріктіріп, үміткерлерді ортақ ұсынатындықтарын хабарлады. Қос партия басшыларының мәлімдеуінше, "Батькивщина" мен "Народная самооборона" бірігеді, бірақ қашан бірігетіндігі белгісіз.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі және "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимощенко қазан айында "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. Ал бұрынғы ішкі істер министрі және "народная самооборона" партиясының жетекшісі Юрий Луценко мамыр айында "қызмет бабын асыра пайдаланды және қаржы жымқырды" деген айыппен мамыр айында тұтқындалып, қазір қамауда отыр. Екі саясаткер де өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды және оларды саяси тапсырыс деп санайды.

Бір партиялы Украина парламентіне сайлау 2012 жылдың қазанында өтеді деп жоспарланып отыр. Президен Виктор Янукович жетекшілік ететін партия қазір парламентте басымдыққа ие.

Желтоқсан айында елде жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, Украинадағы ең танымал партия Юлия Тимошенконың "Батькивщина" партиясы болып отыр.
XS
SM
MD
LG