Accessibility links

Ресейде оппозиция жетекшілерін босатуды талап етті


Мәскеудің Пушкин алаңына оппозиция жетекшісі Сергей Удальцовтың қамалуына қарсылық танытып жиналған адамдар. Мәскеу, 29 желтоқсан 2011 жыл.
Мәскеудің Пушкин алаңына оппозиция жетекшісі Сергей Удальцовтың қамалуына қарсылық танытып жиналған адамдар. Мәскеу, 29 желтоқсан 2011 жыл.
Жүздеген адам кеше Мәскеудің орталығындағы Пушкин алаңында оппозициялық жетекші Сергей Удальцовтың қамауда ұзақ отырғанына наразылық танытып, шеру өткізді. Рұқсат етілмеген шеруде полиция ешкімді тұтқындамады.

Ресейдегі "Солшыл майдан" оппозициялық партиясының жетекшісі Сергей Удальцов Ресейде желтоқсанның 4-інде өткен парламент сайлауына қарсы шерулер кезінде ұсталып, 15 тәулік абақтыға жабылған.

Бірақ жаза мерзімі аяқталар кезде, 25 желтоқсанда Мәскеу соты оны "24 қазанда өткен шеруде полицияға қарсылық көрсетті" деп айыптап, тағы 10 тәулікке абақтыға қамады.
XS
SM
MD
LG