Accessibility links

Түркия бейбіт адамдарға шабуылдады


Сирнак провинциясында әуе шабуылынан қаза тапқан адамдар. Түркия, 29 желтоқсан 2011 жыл.

Сирнак провинциясында әуе шабуылынан қаза тапқан адамдар. Түркия, 29 желтоқсан 2011 жыл.

Түркияның ресми орындары өткен түнде Түркия әуе күштерінің шабуылынан қаза тапқан 35 адамның бейбіт тұрғындар екенін растады.

Басқарушы партияның өкілі Хусейн Челик қаза тапқан адамдардың террористер емес, Ирактан Түркияға контрабандалық тауар өткізушілер екенін айтты. Оның айтуынша, үкімет қазір барлау қызметінің дұрыс ақпарат бермеуінен әуе шабуылына жол берілді деген ақпаратты тексеріп жатқандығын айтты.

Бұған дейін ресми орындар Түркия әуе күштерінің елдің Иракпен шекаралас оңтүстік шығысындағы күрдтер тұратын аймақта күдікті содырларға соққы берілгенін және одан 35 адам қаза тапқанын хабарлаған.

Түркия әскерилері шабуылды барлау қызметінің күдікті топты Күрд жұмысшы партиясының партизандары деп тапқандықтан бастағандығын жеткізді. Түркия әскерилері сондай-ақ өз веб-сайттарында күрд партизандарының аталған аймақта Түркия қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасайтындығы туралы ақпарат болғандығын да алға тартады.
XS
SM
MD
LG