Accessibility links

Сирия оппозициясы жаңа шерулер өткізуге үндеді


Хомс қаласындағы үкіметке наразылық танытқан шерулер. Сирия, Хомс, 27 желтоқсан 2011 жыл.
Хомс қаласындағы үкіметке наразылық танытқан шерулер. Сирия, Хомс, 27 желтоқсан 2011 жыл.
Сирия оппозициясы бүгін, мешіттердегі жұма намазынан кейін елде "араб көктемі" басталғалы бергі ең ауқымды шеруге шығуға үндеу жасады. Оппозицияның бұл үндеуін адам құқықтарын қорғау ұйымдары кеше үкімет күштері елде 25 адамды атып тастады деп хабарлаған соң жасады.

Бұған дейін Сирияға президент Башар әл-Асадтың демонстранттарды басып-жаныштауды тоқтатуға берген уәдесін қалай орындап жатқандығын тексеруге Араб лигасынан бақылаушылар келген болатын.

Бақылаушылар Хомс қаласынан соң қақтығыстар болып жатқан Дерра, Хама және Идлиб қалаларына баратындарын айтқан. Ал Сириядағы адам құқықтарын қорғаушы белсенділер бақылаушылардың бірнәрсені тындыра қоятынына күмән келтіреді.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Сирияда Башар әл-Асадқа қарсы наразылықтар басталған тоғыз айдан бері 5 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG