Accessibility links

Үкімет: Жаңаөзенде әлеуметтік нысандар салынады


Жаңаөзен қаласында 16 желтоқсандағы оқиғаларда өртенген ғимарат. Маңғыстау, Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласында 16 желтоқсандағы оқиғаларда өртенген ғимарат. Маңғыстау, Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласында алдағы үш жылда 26 жаңа нысан, оның ішінде мектеп, аурухана және балабақшалар бар деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Бұл нысандар Қазақстан үкіметі қабылдаған Жаңаөзен қаласын дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жобасы негізінде салынбақ. Бұдан өзге осы жылдары 900 жаңа жұмыс орны ашылатындығы айтылған.

Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сында мұнайшылар мен полиция қақтығысып, артынан қарусыз адамдарға қарсы оқ атылды. Ресми орындар Жаңаөзенде сол күні болған оқиғада және оқиға салдарынан 16 адамның қаза болғанын растады.

Желтоқсанның 17-сінде Жаңаөзенде қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік комиссия құрылды.
XS
SM
MD
LG