Accessibility links

Жаңаөзенде тағы бір комиссия құрылды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Жаңаөзенде жұмыстан заңсыз босатылған мұнайшылар мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылды деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған үкіметтік комиссия басшысы Өмірзақ Шүкеевтің тапсырмасымен құрылған комиссия жұмысқа орналастыру мәселесімен бірге заңсыз босатылған мұнайшылардың талап-арызын да қарайды" деген Біржан Нұрымбетов.
2012 жылдың қаңтарының соңына дейін толықтай жұмысқа орналасуы мүмкін деді.

Оның айтуынша, тұрғындардың көпшілігі жұмысқа тұру мәселесімен шағымданатындықтан, комиссия жергілікті органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сында мұнайшылар мен полиция қақтығысып, артынан қарусыз адамдарға қарсы оқ атылды. Ресми орындар Жаңаөзенде сол күні болған оқиғада және оқиға салдарынан 16 адамның қаза болғанын растады.

Желтоқсанның 17-сінде Жаңаөзенде қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік комиссия құрылды.

XS
SM
MD
LG