Accessibility links

Қырғызстанда тәжіктер мен қырғыздар шекісті


Қырғызстанның картасы. Көрнекі сурет.
Қырғызстанның картасы. Көрнекі сурет.
Қырғызстанның оңтүстігінде, Тәжікстанмен шекараға жақын жерде бірнеше жүз этникалық тәжіктер мен қырғыздар арасында жанжал болды деп хабарлайды Қырғызстанның ақпарат агенттіктері. Баткен облысының Андарак ауылында болған жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Қырғызстанның AKIpress агенттігі жанжал мектептің жоғары сынып оқушылары арасында басталды десе, 24.kg агенттігі екі тарап бір-бірін аймақта жерді заңсыз басып алды деп айыптағанын жазады. Хабарларға қарағанда, бірнеше үй мен нысандар өртелген. Бір жасөспірім ауыр жарақат алған.

Баткен облыстық телерадио компаниясының басшысы Мамаджан Бердиевтің айтуынша, жанжал ұлтаралық сипатта болмаған. 2011 жыл бойына бұл шекаралық аймақта этникалық тәжіктер мен қырғыздар арасында түйткілді мәселелер көп туындады.
XS
SM
MD
LG