Accessibility links

Маңғыстау әкімі Ақтауға орналасқан әскерді құттықтады


Желтоқсанның 31-інде Маңғыстау облысының әкімі мен ішкі істер министрінің орынбасары облыс орталығына орналасқан әскерді жаңа жылмен құттықтады.

Жергілікті "Лада" басылымының хабарлауынша, Бауыржан Мұхамеджанов пен Қайрат Тыныбеков Ақтауда әскерлер орналасқан бірнеше орынды Аяз ата және Қарша қызбен бірге аралап шыққан.

Облыс әкімі Қостанай, Көкшетау, Павлодар және басқа да қалалардан келген әскерилерге қарата құттықтау лебізін білдірген.

Ал Жаңаөзенде, бұдан алдын Маңғыстау облыстық әкімдігінің өкілі Нұрбол Төлегенов жаңа жыл мерекесін көпшілік болып тойлауға тыйым салынды деп хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG