Accessibility links

Иранда ұзақ қашықтық зымырандары сыналды


Иран теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Хабиболла Саиари әскери жаттығулар кезінде радарға қарсы зымыран сынағын бақылап тұрды. 1 қаңтар. 2012 жыл
Иран теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Хабиболла Саиари әскери жаттығулар кезінде радарға қарсы зымыран сынағын бақылап тұрды. 1 қаңтар. 2012 жыл

Ирандық әскери теңіз күштерінің қолбасшылары хабарлағандай, Ормуз бұғазында жүріп жатқан теңіз жаттығулары кезінде ұзақ қашықтыққа жететін екі зымыран сәтті түрде сынақтан өткен.

Бұл туралы елдегі әскери теңіз күштері қолбасшысының орынбасары Махмуд Мусави дүйсенбі күні теледидар арқылы мәлімдеген. Осыдан бір күн бұрын Иран өзінің ядролық отынды дамытуда үлкен жетістіктерге жеткенін айтып, Парсы шығанағындағы әскери жаттығулар кезінде жаңа зымырандары сынақтан өтетінін айтқан.

Иран Ормуз бұғазында 10 күндік әскери жаттығуларын өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG