Accessibility links

Қытайда мешітті қирату кезінде қақтығыс болды


Үрімжідегі мешіт. Көрнекі сурет.

Үрімжідегі мешіт. Көрнекі сурет.

Қытайдың солтүстік-шығысында жергілікті билік мешітті күреп тастамақ болғанда, полиция мен мұсылмандар қақтығысып қалды.

Нинся-Хуэй автономиялық аймағында орналасқан Хэси қаласындағы бұл оқиға желтоқсанның 30-ы болған. Жергілікті діни азшылыққа жататын жүздеген мұсылман мыңға жуық полиция өкілдерінің мешітті қиратуына жол бермеуге тырысқан.

Гонконгта орналасқан Адам құқықтары жөніндегі орталықтың хабарына қарағанда, қақтығыстан 50-ден аса кісі жарақат алып, 100 адам қамалған. Ел үкіметі "заңсыз діни орын" деп тапқан мешітті полиция біржола құлатып тастаған.
XS
SM
MD
LG