Accessibility links

Иран АҚШ-тың соғыс кемесіне қарсы ескерту жасады


Хормуз бұғазына келген АҚШ-тың ұшақ қондыратын "Джон Стеннис" соғыс кемесі.

Хормуз бұғазына келген АҚШ-тың ұшақ қондыратын "Джон Стеннис" соғыс кемесі.

Иран қарулы күштерінің басшысы Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың ұшақ қондырушы кемесі Шығанаққа келмеуі тиіс деп ескертті. Атолла Салехидің бұл мәлімдемесін ирандық бірнеше ақпарат құралдары таратып отыр.

"Егер АҚШ-тың соғыс кемесі шығанаққа оралатын болса, оған қарсы әрекеттер қабылдаймыз, қайтадан ескерту жасамаймыз" деген ол. Иран әскерінің өкілі АҚШ-тың ол кемесі қалай аталатынын немесе Иран қандай қарсы шараларға баратыны туралы нақты ештеңе айтпады.

Дүйсенбі күні Иран шығанақтағы мұнай қоры сақталған Хормуз бұғазында онкүндік әскери теңіз жаттығуларын өткізіп, зымыран сынақтарын жасаған. Иран билігі егер Батыс елдері Иранды мұнай секторына қарсы санкцияларымен қорқыта беретін болса, Хормуз бұғазын жауып тастайтындығын бірнеше рет қайталады.
XS
SM
MD
LG