Accessibility links

Польша Ресейдің іздеуіндегі бұрынғы прокурорды ұстады


Ресейдің бұрынғы прокуроры Александр Игнатенко.

Ресейдің бұрынғы прокуроры Александр Игнатенко.

Польша Мәскеудің елдегі заңсыз казиноларға қатысы бар деп іздеп жүрген Ресейдің бұрынғы прокуроры Александр Игнатенконы қамауға алды. Польшаның барлау агенттігі бүгін бұған қатысты хабар беруден бас тартып отыр.

Хабарларға қарағанда, Игнатенко әйел-балашағасымен кездесу үшін Польшаның таулы Закопане курортына бара жатқанда ұсталған. Оның қолында Литва паспорты болған.

Мамыр айында Ресей билігі сәуірде ғана қызметінен алынған Игнатенкоға Мәскеудегі заңсыз казинолар жұмысына қатысы бар деген айыппен іздеу жариялаған.
XS
SM
MD
LG