Accessibility links

Египетте сайлаудың соңғы кезеңі өтіп жатыр


Әл-Ариш қаласында сайлау алды жарнамалары қыстырылған көлікте кетіп бара жатқан әйел. Египет, 2 қаңтар 2012 жыл.
Әл-Ариш қаласында сайлау алды жарнамалары қыстырылған көлікте кетіп бара жатқан әйел. Египет, 2 қаңтар 2012 жыл.
Египеттіктер бүгін парламент сайлауы соңғы кезеңінің екінші күні дауыс береді.

Өткен екі кезеңнің қорытындысы бойынша "Мұсылман бауырлар" тобының "Еркіндік" және "Әділет" партиялары алда келеді. "Мұсылман бауырлар" ұйымы елдің жаңа конституциясын дайындауда сайлаудағы жеңісін пайдаланып, өз айтқанын орындатуға тырыспайтынын, керісінше бәсекелес өзге де саяси партиялармен біріге жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Египет парламентін сайлау қаңтардың 11-і аяқталады.
XS
SM
MD
LG